1.02.2019, 12:49
Оқылды: 20

Ақсайда әкелер форумы ұйымдастырылды

«Әкешім – бәйтерегім!» осындай атаумен Бөрлі ауданы Ақсай қаласында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен әкелер форумы өтті.

borli ake (3)

         -Ауданда 3-ші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл форум «балаларымызбен бірге қатысайық» деп сұраныс білдірген әкелердің сұрауы бойынша ұйымдастырылып отыр,-дейді ұйымдастырушылар.

         Екі бөлімнен тұратын форумның алғашқы бөлімінде әкелер қолөнер жұмысы қойылған көрмені көрсетті. Яғни балаларына үлгі ретінде нені насихаттап жүр деген мақсатта ұйымдастырылды. Ауданға қарасты барлық қала және ауыл мектептерінен қатысып атсалысқан айтулы шара жоғары деңгейде өтті.

         Екінші бөлімде аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев, Ә.Куликешов және облыстан арнайы ат басын бұрған тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Жақсығалиевтер ашық әңгіме өрбітіп, әке мәртебесі қашанда биік тұратынын және өмірде жауапкерпшілігінің аса жоғары екендігін айтты.

         Шара соңында барлық қатысушы әкелер марапатқа ие болды

borli ake (1) borli ake (4)

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале