2.10.2019, 18:06
Оқылды: 133

Ақсайлық еріктілер қайырымдылық жасады

Халықаралық қарттар күніне орай Бөрлі ауданында Ақсай қалалық мешіті және «Берекелі жамағат» еріктілер тобының бірлесуімен қайырымдылық шарасы өтті.

borli (1)

Еріктілер Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Облавка ауылдарында болып, аз қамтылған, көп балалы, жалғыз басты қарияларға - барлығы 15 отбасыға азық-түлікпен көмектесті. Қайырымдылық шарасына қатысқан мешіт имамдары игі бастама алдағы уақытта да жалғасады дейді.

«Ислам діні жағдайы бар азаматтарды қоғамдағы әртүрлі тағдырымен қайырымдылыққа мұқтаж болған кісілерге, қоғам мүшелеріне көмектесуге, қол ұшын беруге, жәрдемдесуге шақырады. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Өзі тоқ жатып, көршісі аш жатқан адам бізден емес», - деген. Сондай-ақ Құран Кәрімнің бірқатар аяты да жұртқа садақа беруге, көмектесуге, тамақтандыруға шақырады, - деді Ақсай қалалық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов.

borli (2)

Айта кетейік, «Берекелі жамағат» еріктілер тобы 2019 жылдың наурыз айында құрылған. Күні бүгінге дейін еріктілер тобының қолдауымен ауданда 300-ден астам қайырымдылық сөмкесі таратылса, 600-ден астам адамға көмек көрсетілген.

Үміт Жәңгірова

 Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале