11.04.2018, 15:57
Оқылды: 25

Ақжайық ауданында 12 қайырымдылық дүкені бар

akjaikАқжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың «Шапағат» қайырымдылық дүкендер желісі Чапаевта кезекті акция ұйымдастырды. Бұл жолы негізінен балалар киімдері 37 отбасына берілді.

- «Шапағат» қайырымдылық дүкендер желісі тұрғындарға барған сайын кеңінен танымал болуда. Аудан бойынша 12 дүкен жұмыс жасайды, оның алтауы биыл ашылды. Бұларға жұрттан әлі талай тұтынуға жарайтын, тіпті жаңа күйінде де киім-кешек түсіп тұрады. Аталған акция секілді шараларды бұдан былай да өткізіп тұрамыз,-дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық директоры Әлия Шәрапиева.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале