26.05.2017, 12:14
Оқылды: 50

Ақжайық ауданында әдеби эстафета өтті

Биыл республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына көрнекті қаламгер, Алаш арыстарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалып алынған болатын. Осыған орай Ақжайық ауданының мәдениет ошақтарында алуан шара ұйымдастырылуда. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Қазақстан оқыған кітапты сен де оқы!» атты әдеби эстафета өткізді.


Қатысушылар үшін алдымен ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар кеш барысында Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары мен «Адасқан өмір» мен «Кедей» поэмалары кеңінен талқыланды. Агротехколледждің белсенді студенттері Серікболсын Тілеков пен Аяна Елеусін арынды ақынның жалынды жырларын жатқа оқыды.

Аудан ауылдарында «Бір ел – бір кітап» акциясына орай алдағы кезде оқырмандар конференциясы, белсенді оқырмандармен жүздесулер, библиодесант, поэзия сағаттары өткізіледі.

Қуанған ҚҰТ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале