17.05.2017, 16:56
Оқылды: 36

Ақжайық ауданында ЭКСПО-ға арналған көрме ашылды

Ақжайық ауданында балалар шығармашылығы орталығының «Робот техникасы» атты көрмесі жұмыс істей бастады. Музей қызметкерлері келушілермен еліміздің мерейін асқақтатқалы отырған халықаралық ЭКСПО көрме жайында әңгімелер өткізуде.


«Робот техникасы» үйірмесінің жетекшісі Алтынай Мұратқызы жұртты «Lego» роботымен таныстырды. Музейдегі көрмеге әкелінген робот түстерді ажырата алады. Сондай-ақ аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Г.Тажқұранова квиллинг техникасы бойынша оқушыларға шеберлік сағатын өткізді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

                                                                 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале