27.04.2018, 17:02
Оқылды: 57

Ақжайық ауданында мұражайлар арасында байқау өтті

DSC_0117Ақжайық ауданында мектеп мұражайлары арасында Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Михаил (Беймағамбет) Абдоловтың туғанына 100 жыл толуына орай, қаһарман рухын дәріптеу мақсатында «Өшпес ерлікке мың тағзым!» атты көрмелер байқауы өз мәресіне жетті. Осыған байланысты ұйымдастырылған шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Хайруллин ашып, сөз сөйлеп, байқауға қатысқан 12 мұражай өкілдерін құттықтады.

Ауданда М.Абдоловтың ерлік жолы хақында тұрғындар жан-жақты білуі үшін зерде сағаттары, батырды көзкөргендермен кездесулер, ол туралы басылымдар материалдарымен танысу жөнінде алуан шаралар өткізілуде.

Бұл ретте аталған байқаудың маңызы да ұшан-теңіз болды. Салтанатта Қаршы орта мектебінің оқушылары Ақжүніс Мұхамедиярова мен Гүлден Нүрпейіс батырға арнаған туындылары мен шығармаларын орындады.

Ақжайық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Аян Жұмағалиев бұл байқауда үздік шыққан Қаршы орта мектебі мұражайына (жетекшісі Айнажан Сәрсенбаева), экспонаттар жинақтаудан белсенділігі үшін Бітік мектеп-бөбекжай кешеніне (ұстаз ұйымдастырушысы Қуаныш Тұяқов), көрмені тартымды безендіргені үшін Чапаев №1 орта мектебінің мұражайына (жетекшісі Раузия Жігербайқызы) дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Нұрхат АСҚАРҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале