31.05.2018, 12:13
Оқылды: 26

Ақжайық ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуда

31 мамыр – саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға байланысты Ақжайық ауданында бірқатар шара ұйымдастырылуда.

Ақжайық аудандық кітапханасы «Тарихты ұмытпау – ұрпақ парызы» атты дәріс ұйымдастырды. Шара барысында аграрлық-техникалық колледждің тарих пәнінің мұғалімі Тілеужан Хасенов «Шерлі шежіре» атты баяндама жасады. Қызыл империя талай азаматтарымызды қанқасапқа іліндіріп, ашаршылыққа ұшыратқаны туралы тарих беттерінен сыр шертетін «Қолдан жасалған қасірет» атты бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ аграрлық-техникалық колледж студенті Асылзада Кеңесова ақын Қадыр Мырза Әлидің қуғын-сүргін құрбандарына арнап жазған өлеңін оқыды.

Ауылдарда «Тоталитаризм  жасаған тақсірет», «Есіл ерлер ұмытылмайды»  атты зерде сағаттары, кездесулер ұйымдастырылуда.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

DSC_0195 DSC_0202

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале