24.09.2020, 9:56
Оқылды: 76

Ақжайықта 517 түп тал отырғызылды

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойдың құрметіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «30 жылдыққа 30 игі шара» науқаны аясында республика бойынша 30 000 түп тал егілді.

meshit2

"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес.

Ендеше осындай игі шараны күн тәртібіне қойған діни басқарма даламыздың көркеюіне де өз үлестерін қосуда. Аталған 30 мың талдың 517 түбі Ақжайық төріне егілді. Қала, аудан, ауыл мешіттерінің ауласына шырша, терек, қарағай, жеміс ағаштары отырғызылды.

meshit3

Сәрсенбінің сәтінде дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты игі шараға жұмыла кірісіп, белсенділік танытты.

meshit4

meshit1

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале