28.01.2019, 14:48
Оқылды: 66

Ақжайықта былтыр 37 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған

Тиісті құжаттар бойынша өзгенің көлігін жүргізетіндер арасында да жол жүрісі қағидаларын бұзатындар аз емес. Мысалы, жуырда азамат К. «Volkswagen Sharan» автомобилімен Орал-Атырау тас жолының 191 шақырымында, оңтүстік бағытта бара жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзып, автокөліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, көлік аударылады. Сөйтіп, көліктің бүлінуіне әкеп соқтырып, автокөлік иесіне материалдық залал келтірген. Ақжайық аудандық сотының қаулысымен К.есімді тұрғын ӘҚБтК-тің 610 бабынын 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 50 500 теңге айыппұл салынды.

aqjiayq qamaq

         - Өкінішке қарай, қаншама ескерту, құлаққағыс жасалып жүргенімен, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқару тыйылмай келеді. Айталық, ӘҚБтК-нің 608 бабымен, яғни рөлге арақ ішкен күйінде отыру, сөйтіп, жолда апаттық жағдай туындатқаны үшін 2017 жылы 45 іс қаралып, 9 құқық бұзушы қамаққа алынды, 36 көлік жүргізуші арнайы құқығынан айырылды. Ал өткен жылы сол баппен 48 іс қаралып, 10 құқық бұзушы қамаққа алынды, 37 жүргізуші арнайы құқығынан айрылды. Немесе, өткен желтоқсанда автокөлікті басқаруға құқығы жоқ М. есімді азамат Ақжайық ауданының орталығында масаң күйде рөлге отырған. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды,-дейді Ақжайық аудандық сотының судьясы Асхат Ғапуов.

Болат Қосжанұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале