24.07.2018, 13:22
Оқылды: 56

Ақжайықта ұлттық тағамдарды ұлықтады  

 

ulttyk tagamdarАқжайық ауылында Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлері жаңғырту, ерте кездегі қонақжайлылықты және іскерлікті көрсету мақсатында «Қазағымның дастарханы-ай» атты әжелер басқосуы өтті.


 

Шараға көршілес елді мекендерден қатысушылардың қарасы көп болды. Абай ауылының тұрғыны Қ.Нұрыш бидай қуыру, Ақсоғым ауылынан Б.Мутеева, К.Бекайдарова ағаш келімен ulttyk tagamdar (1)тары түю, Үлкен Еңбек ауылынан келген Ш.Бисенғалиева, Т.Еслямғалиева қаймақтан май былғау, аңқатылық Ш.Кауленова тарыны диірменге тартып, талқан алу, Сарыөмір ауылынан Ж.Мырзағалиева, Қ.Файзуллина сынды әжелеріміз сүзбеден құрт жасау, шағатайлық Г.Акрымова бауырсақ пісіру, Ақжайық ауылының тумасы  Ж.Байғалиева әжеміз таба нан пісіру, Г.Қайырова қол мәшинемен сүт тартып, қаймақ алу тәсілін баяндап беріп, ұлттық тағамдардың дайындалу әдістерін көрсетті.

Басқосуды тамашалаған жастар бидай қуыру, талқан жасау, тары түю әдістерін үйреніп, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

Нағима Мұрадымова,

Ақжайық ауылдық

Мәдениет үйінің директоры

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале