30.01.2018, 16:33
Оқылды: 38

Ақжайықтық оқушы «Дала сазынан» бас жүлде алды

 

Атырау қаласында өткен республикалық «Дала сазы» байқауына Ақжайық балалар музыка мектебінен домбыра аспабы бойынша орта топтан Елнұр Ермеков қатысты.

Ол Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» атты күйін орындап, бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Әлия Ғабдоллина алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар Елнұр Алматы және Сочи қалаларында өтетін халықаралық байқауға қатысуға тегін жолдама алды.

- Ол бұған дейін, яғни 2015 жылдан бері төрт республикалық, бір халықаралық байқауда жүлдегер атан еді,-дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанат Есқайыров.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале