27.01.2017, 16:57
Оқылды: 74

«Алмаз ауылының жылы»

Almazni jymispen kamtu jol kartasi  Өткен 2016 жылды аталған ауыл халқы дәл осылай атап кеткен. Бұлай деуге түрткі болған – ауылдың бір жылдағы жетістіктері.

  Өткен жылы Алмаз округінде мал басы артқан. Округте 1 наубайхана, 5 сауда нүктесі тұрғындарға қызмет көрсетіп тұр.


  Бұдан басқа 14 шаруа қожалығы,  1 ЖШС-ы, 2 ауылшаруашылық кооперативі жұмыс жасауда.  Аталған 2 кооператив (АӨК) және тағы 7 шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелер алып, 2 шаруа қожалығы лизинг әдісімен шөп тайлайтын техника алған.  «Ахан» шаруа қожалығы 175 тонна түрлі көкөніс өнім алып, 400 басқа арналған бордақылау алаңын ашқан.

  Алмаз ауылының мектебі «Жұмыспен қамту-2020: Жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен. Ауылға газ келіп, көп жылдар күн тәртібінен түспеген мәселе осылай оң шешімін тапты. Медпунктке жаңа «УАЗ» автокөлігі,  жергілікті полиция инспекторына жаңа «Нива» көлігі беріліп, тұрғын үймен қамтылған. Қазір ауыл клубы күрделі жөндеуден өтуде.

  Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінде де халыққа есеп беруі жиынында аудан әкімі Альберт Есалиевтің атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Тұрғындардан «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауылды таза сумен қамту, ауыл жарығының, жалпы электр қуатымен қамтудағы соңғы уақыттардағы орын алып жүрген ақаулар, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне жер телімін беру, шаруа қожалықтарының мал басын ауылда ұстауын ауыздықтау, жол қатынасы жөнінде сұрақтар түсіп, нақты жауаптар берілді.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале