15.10.2018, 11:25
Оқылды: 179

А.Оразбаева атындағы мектептің 150 жылдығы аталып өтілді

Қазталов ауданында А.Оразбаева атындағы мектептің 150 жылдығына арналған «Ғасырлар толғауын тербеткен, жасай бер, Алма мектебі!» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Алма оразбаева (11)

        Шара мектеп түлегі Асыланбек Ғұбашевтың мектептің 150 жылдығына арналған деректі фильмін көрсетілуімен басталды. Салтанатты шарада Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков, БҚО педагог кадрлардың кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев, БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова құттықтау сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін жеткізді.  

        Алыстан сағынышқа толы арнайы құттықтаулардың саны толассыз еді. Желдей есіп жеткен жеделхаттың бірі – мектеп түлегі,  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қабиболла Жақыповтың жеделхаты болды. «Елім» деп соққан жүректеріне сағыныш сазын сыйдыра білген шақырулы қонақтар атынан  Қазақстан Мемлекеттік банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының орталық комитетінің төрағасы Мирболат Жақыпов, ҚР Президенті архиві директорының орынбасары Досқазы Сүйінішев, мектеп түлегі Эрнст Сарсекеновтер құттықтау сөз сөйледі.

        Мектептен білім алған түлектер қазіргі кезде сан түрлі салаларда қызмет атқаруда. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысы бойынша тілшісі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Темір Құсайнов, Ұлттық ақпараттандыру орталығының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Альмира Ізбасарқызы, Орал қаласындағы №36 М.Ихсанов атындағы мектептің директоры Азима Губашева әр жылғы түлектер атынан құттықтау сөз сөйлеп, мектепке сый тарту етті.

        Мектептің 150 жылдығына арналған іс-шара арнайы жоспар бойынша жыл бойы ұйымдастырылды. Бүгінде мектепте 81 педагог бар.

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Алма оразбаева (1) Алма оразбаева (2) Алма оразбаева (3) Алма оразбаева (4) Алма оразбаева (16)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале