15.11.2017, 11:39
Оқылды: 26

«Ашық әкімдік» Белесте

akimdik«Шағым – мемлеккеттік қызметші индикаторы» тақырыбындағы қоғамдық қабылдау Зеленов ауданы Белес ауылдық округінде өтті. Оған аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Закария Саралеев және барлық бөлім, мекеме басшылары қатысты. 

Келушілер көбі жұмыс іздейді және арнайы кезекпен берілетін жер телімдеріне көгілдір отын қашан өткізілетінін сұрады. Бұдан бөлек, ісін дөңгелетіп отырған шаруалар қожайыны бола тұра игерілмей жатқан жерді қолынан іс келетіндерге берсе деген ұсыныстарын жолдады. Кәсіпкер сауалына толық әрі нақты жауабын берген аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Қ.Төлегенов алдағы уақытта мәселені шешу жолын қарастыртынын айтып, жер сұрай келген кәсіп иесімен мәселені нақты талқылауға шақырды.

Сондай-ақ күндізгі стационарға жазылғанымен барып келуі қиын науқастарды үйден қарау ісін бір жолға қою керектігін айта келгендер де өздерін қанағаттандырар жауап алды. Құқықтық жағынан шешілуі қиын сұрақпен келген тұрғынның сауалдары да жан-жақты қарастырылып, мамандар тиісті жауабын берді.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале