17.01.2020, 11:03
Оқылды: 81

Аудан әкімі қоғамдық кеңеске есеп берді

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Орынғали Ермекқалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы кеңес алдында есеп берді.

qaratobe esep (3)

 Аудан әкімі Жанат Асылханұлы ауданның негізгі бағыты ауыл шарушылығынан бастап аудандағы барлық сала бойынша жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.

 –Мал басы 2018 жылмен салыстырғанда едәуір өсіп отыр. Асыл тұқымды мал басы санын арттыруға үлкен көңіл бөлініп келеді. Лизинг арқылы жеңілдікпен техникалар алынып, жалпы 30 пайызға жаңартылды.

Жастар жылында ауданда ауқымды істер қолға алынды. Ауданның ерікті жастары ауылдағы қамқорлыққа зәру жандарға көмектесті. Жастар үйі аппатты жағдайдағы ауыл тұрғыны Талшын әжейге жаңа үй салып берді. Жастар саясатын қолдау аясында көптеген жастарқа кәсіп ашып, жұмыс жүргізу үшін гранттар бөлінді.

Өткен жыл аудан спортшылары үшін жетістікке толы болды. Жерлесіміз Ержан Ерболатұлы қол күресінен жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Ауданда өткен санитарлық-экологиялық айлық аясында, біраз тазалық жұмыстары қолға алынды. Өткен жылы атқарылған жұмыстың ауқымы кең болды,- деді аудан әкімі.

Қоғамдық кеңестің жылдық жұмысын кеңес төрағасы Орынғали Ермекқалиев баян етті. Ал аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев мәслихат шешімдерінің орындалуы, тұрақты комиссиялардың жұмысы, халық қалаулыларының қоғам өміріндегі рөлі мен игі істері туралы әңгімелеп, өткен жылда аудандық мәслихатта атқарылған ауқымды істерді баяндады.

Ерболат Райсов

 Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале