25.04.2017, 18:01
Оқылды: 47

Аудан әкімі журналисті қабылдады

Бүгін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков ҚР Журналистер Одағының мүшесі Мүсірбек Айташевті қабылдады. Жуырда мерейлі 60 жасқа толғалы отырған тәжірибелі журналистің ауданның қоғамдық-саяси өміріне баспасөз қызметкері ретінде сіңірген еңбегі айтуға тұрарлық.  Осы үшін алғысын айтқан аудан басшысы әріптесімізге құттықтау хатын табыс етіп, иығына шапан жапты.

Салтанатты қабылдауға қатысқан «Орал өңірі» облыстық қоғамдық - саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, Сырым аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Махмет Қажиахметов, журналист Сәкен Әбілхалықовтар мерейтой иесіне игі тілектерін жеткізді.

Мүсірбек Айташев 1957 жылы Қаратөбе ауданының Соналы деген ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан өңірінде жарық көрген «Еңбек туы», «Еңбек - Труд» сияқты басылымдарында қызмет атқарған. 1996-2006 жылдары облыстық «Орал өңірі» газетінің Сырым және Қаратөбе аудандары бойынша меншікті тілшісі болды. 1986 жылдан бері негізгі қызметті «Сырым елі» (бұрынғы «Қайнар» газеті) қоғамдық-саяси газетінде атқарып келеді. Ол бүгінде жергілікті газеттің жауапты хатшысы болып жұмыс жасайды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале