13.11.2017, 12:11
Оқылды: 26

Аудан басшысы жастарға əркез қолдау көрсетпек

DSC_0074Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев аудан жастарымен кездесіп, еркін тақырыпта әңгіме өрбітті. Аталған шараға ауылдық округтерден келген жастар, әр салада қызмет атқарып жүрген жастар белсенділері қатысты.

Кездесуде аудан басшысы жастарды әрдайым қолдайтынын жеткізіп, жастардың өзекті мәселелеріне тоқталды. Жастарға жағдай жасау, оларды жұмыспен қамту, баспана мәселесін шешу алға қойылған мақсат-міндеттердің бірі екендігін атап өтті. Кездесуге жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады.

Аудандағы белсенді жастардың бірі Ажаргүл Әлиева жастарға елді мекендерде тұрақтап қалуына жағдай жасалу қажеттігін айтып, өз ойын білдірсе, аудан жастары қазақ халқының төл өнері айтыс ауданымызда өтпей келе жатқандығын тілге тиек етті. Қаратөбе ауылының тұрғыны Нұркен Ислямов ауылдағы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажеттілігін, несие алған жағдайда кепілге мүлік қою мәселесінің туындайтынын айтты.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале