22.02.2017, 16:17
Оқылды: 18

Аудан прокурорына 17 қоңырау түсті

Ақжайық ауданының прокуроры Орал Монтаев жергілікті тұрғындардың сауалдарына тікелей желі арқылы жауап берді.


Онда негізінен алимент өндіру жөніндегі сот актілерінің орындалмауы, жолаушы таситын көліктердің жол қозғалысы ережесін бұзуына қатысты сұрақтар тіркелген.

Прокуратура тікелей байланысты жүйелі өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері аудан прокуратурасы жеке тұлғалардың 8 арыз-шағымын қараған.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале