23.06.2017, 16:24
Оқылды: 61

Аудандық жергілікті полиция қызметкерлеріне 6 автокөлік берілді

zeleniv 1Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толды. Тәртіп сақшыларының төл мерекесі күні Переметный ауылындағы орталық алаңда салтанатты шара өтті.

Полиция қызметкерлері мен ардагерлерін аудан әкімі Кәрім Жақыпов құттықтап, аудандық ішкі істер бөліміне 15 компьютердің сертификатын табыс етті. Тағы бір айта кетерлігі, биыл облыстық бюджет есебінен ауданымыздың жергілікті полиция қызметкерлеріне 5 көлік, жергілікті бюджет есебінен бір көлік берілді.

Салтанатты жиын барысында «Қазақстан полициясының 25 жылдығы» төс белгісімен Е.Қуанышқалиев, Ш.Әмірғалиев, Е.Абдрахманов, Р.Ксенофонтов, А.Каполов, А.Юсупов марапатталды. Мерейлі күнде Ж.Иманалиев, Д.Мазимов, М.Серғазиев, А.Артыгалиев, Д.Ислямғалиев, А.Коркин, Қ.Кулдашев, Б.Қуатов, О.Овчинниковтер аудан әкімі атынан алғыс хат пен ашқалай сыйлыққа кенелді.zelenov 2

Одан әрі әріптестерін құттықтаған аудандық ішкі істер бөлімі бастығы Еркін Қуанышқалиев аудан әкімі К.Жақыповқа, ішкі істер бөлімі ардагерлері Ғ.Аталиков, Ю.Дьяченко, М.Даукариев, Г.Кушекпаев, С.Бурпиев, Қ.Мукатов, Т.Кантемиров, А.Уразалиев, М.Золотовқа мерейтойлық төс белгі тақты. Ал өздерінің қызметтерін мінсіз атқарып, оң жетістіктерге қол жеткізгені үшін Е.Рысқалиев, А.Жұманиязов, Е.Едресов, Ә.Хайрушев, Т.Алмағанбет, Е.Сатаев, С.Машанов, А.Шоқпанов, А.арыстанғалиев, Т.Берекетов пен ардагер қызметкер В.Ищенко грамоталармен марапатталды.

Жиын барысын аудан өнерпаздары әсем әнмен әрлей түсті.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале