27.01.2017, 17:06
Оқылды: 21

Автокөлікті мас күйінде басқарған...


Karatobe avto   7 қаңтары күні сағат 00.10 шамасында Қаратөбе  ауданы, Қаратөбе ауылында У. есімді тұрғын «Vokswagen Golf» маркалы автокөлікті көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра, оның үстіне мас күйіне басқарған.


  Жол полициясы құқық бұзушыға көлік жүргізу куәлігі берілмегенін растады. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

  Қаратөбе  аудандық соты құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 608-б. 6-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 20 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале