13.03.2018, 16:04
Оқылды: 60

Аян халықаралық турнирде чемпион атанды

9-10 наурыз күндері Беларусь мемлекетінің Гомель қаласында дзюдо күресінен жасөсіпірімдер арасында «Кубок Прайда» халықаралық турнирі өткен болатын.

Аталмыш тунирге Тасқала ауданы спорт мектебінің оқушылары да қатысып, ел намысын қорғады. Сайып келгенде Қ.Сәтбаев атындағы мектептің оқушысы Аян Бисен чемипон атанды. 23 келі салмақта күрескен ол, қос ресейлік және Белорусь, финалда украиналық қарсыласын тізе бүктіріп, ел мерейін асқақтатты.

-Небары екі жыл ішінде қазақ күресінен, күрестің самбо және дзюдо түрінен облыстық турнирлерде, республикалық жарыста қазақ күресінен де жеңімпаз атанды. Міне, халықаралық турнирде де жеңіске жетті. Бұл - еңбектің жемісі, - дейді бапкері Еркебұлан Мұсағалиев.

Айта кетейік, додаға Қазақстан, Беларусь, Ресей, Ингушетия, Украина, Израиль, Иран елдерінен барлығы 800-ге жуық жасөспірім спортшы қатысқан.

Динара БЕРІШ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале