7.08.2017, 11:29
Оқылды: 25

Бағдарлама аясында 183 мобильдік топ жұмыс істеуде

 

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Сабыров және кәсіптік білім, кадрлар даярлау бөлімінің басшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева Қазталов ауданында болды. Олар салалық мекеме, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.


Кездесуде қонақтар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы  айтып өтті.

-Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды  оқытуды қолдана отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге мүмкіндік беріледі.Тегін кәсіптік оқытумен мектептердің түлектері, ҰБТ тапсыра алмаған, оқу орындарына түспегендер, орта жастағы адамдар қамтылатын болады. Сонымен қатар  облыс бойынша бағдарламаның іске асырылуын  халық арасында  түсіндіру үшін облыс бойынша 183 мобильдік топ жұмыс істеп жатырса, Қазталов ауданында 16 топ жұмыс істеуде. Осындай жұмыстарды  аудандық білім бөлімі қоғамдық ұйымдармен, ата-аналармен бірлесе жұмыстар  атқару қажет, -деді.

Кездесуде  сауалдар қойылып, оған  тұшымды жауаптар қайтарылды.

Әсем БОЛАТ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале