21.02.2019, 12:56
Оқылды: 67

Бәйтерек аудандық кітапханасында клубтар мен үйірмелер ашылды

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Шексіз кітапхана» атты клубтар мен үйірме-жобалардың таныстырылымы өтті.

 kitap (2)

         Жоба таныстырылымының лентасын аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов пен аудандық «Ақ ниет» әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Қасиетова қиса, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жеңісгүл Жаңабаева жобаның ашылуымен құттықтады.

         Таныстырылымда алғашқы кезекте Ұлы Абай поэзиясының ерекшелігін таныту үшін құрылған «Абайтану» клубының жұмысымен клуб жетекшісі Қ.Кенжеғалиева таныстырды.

Ен кітапханан жанынан қыз-келіншектерге арналған «Сырғалым» клубы, ақпараттық технология дамыған ғасырда кітапхана арқылы кітапқа оқырман қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырылған «Библиотерапия» медиажобасы жұмыс жасайды.

         «Библиотерапия» медиажобасының жетекшісі Эльмира Жақсылыққызы жобаның мән-маңызына тоқталды.

         Шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған «Күншуақ» үйірмесінің жұмысын Назерке Тастайбек таныстырды.

         Клуб жетекшісі клуб мүшелерінің өз қолдарынан шыққан бұйымдарды, киім үлгілерін көрермен назарына ұсынды. Он саусағынан өнер тамған ісмер, заманауи құрылғымен тоқыма киімдер тоқып, тұтынушылардан тапсырысын орындап жүрген Бадиғажамал Ғабдрашидқызы мен былғарыдан сапалы, әрі көпшілік сұранысына ие әмиян, сөмке тігіп жүрген Арман Айтпаевтың туындылары жұртшылық ықыласын арттыра түсті.

         Айта кетейік, қанатқақты жобаларға мүшелікке жаңадан оқырмандар қабылданды.

kitap (3) kitap (4) kitap (5)

Шыңғыс Ромашев,
Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале