27.06.2019, 16:47
Оқылды: 106

Бәйтерек ауданы әкімі журналистермен кездесті

Бәйтерек ауданы әкімі Асхат Шахаров «Жайық Пресс» ЖШС Бəйтерек филиалы, аудандық «Ауыл тынысы» газеті редакциясы ұжыммен кездесті.

jurnalist (1)

         - Құрметті тілшілер, Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Журналистік мамандық қашанда қоғамға қажет. Өйткені бұқара мен билікті байланыстыратын осы бұқаралық ақпарат саласының өкілдері. Болған оқиға мен әр нәрсенің мән-жайын байыптап, халыққа жеткізу – үлкен еңбек. Тұрғындар сіздер жазған материалдар арқылы атқарылып жатқан игі істерді естіп, біледі. Бүгінде бұл сала бойынша білім алып, қызмет атқарып, биік жетістіктерге жетіп жүрген әріптестеріңіз де бар. Қоғамдағы жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізуде қаламдарыңыз қарымды болсын! - деді Асхат Берлешұлы.

jurnalist (2)

         Бұдан соң аудан басшысы тілшілерге алғыс хатт табыстап, сый-сыяпаттар жасады.

Сондай-ақ кездесу барысында аудандық газеттің директор-редакторы Ертай Бимұханов бүгінде баспасөз саласында атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.

jurnalist (3)

         Шара соңы аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен өткен тренингке ұласты.[

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале