2.04.2020, 16:42
Оқылды: 92

Бәйтерек ауданында блокпосттар қойылды

Бүгінде облыс аумағында коронавирустық инфекцияның елді мекендер мен ауыл-аудандарда таралуына жол бермес үшін блокпосттар қойылуда. Мұндай блокпосттар Бәйтерек ауданында да орналастырылды.

5D0FB763-4010-4338-BE47-C372602E6DBA

 Аудандық полиция бөлімі мамандарының мәліметінше, Белес ауылы «Батыс Пауэр» ЖШС аумағында, Орал-Тасқала-РФ шекарасы тас жолының Белес ауылына бұрылысында, Орал-Тасқала-РФ шекарасы тас жолының Переметный ауылына бұрылысында, Орал-Атырау тас жолы, Щапов ауылы аумағында, Орал-Кирсанов тас жолының «Мечта» кемпингінің аумағында блокпосттар қойылды.

84C6C981-FC6B-40B3-9A3C-720B24102F3B

Қазіргі таңда аталмыш блокпосттар Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысы бойынша жұмыс жасауда.

 Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале