4.10.2019, 12:11
Оқылды: 138

Бәйтерек ауданында қарияларға құрмет көрсетілді

Қайырымдылық айлығы аясында Халықаралық қариялар күніне орай Бәйтерек ауданында соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

qarya (2)

Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев, «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалы – «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлдана Аргенова аудан орталығындағы әлеуметтік-медициналық мекеме қамқорлығындағы қарияларды мерекемен құттықтап, мерекелік сый-сияпат жасады.

qarya (1)

Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі аппаратының бас маманы Нұржан Дүзбатыр мекеме басшысы Альберт Асқарұлына аудан әкімі Асхат Шахаровтың құттықтау хатын табыстады. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері Макар Дорошенко, Қабдисат Ізбасовқа және бірқатар еңбек ардагеріне де құрмет көрсетілді.

Аталмыш мекемеде аудан орталығындағы Қ.Аманжолов атындағы мектептің оқушылары да болып, қарияларды мерекелерімен құттықтады.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале