8.07.2020, 1:32
Оқылды: 75

Бәйтеректе республикалық онлайн би жарысы мәреге жетті

Жаман індет көп саланың жұмысын мүлдем басқа бағытта жүргізуге мәжбүрледі. Мәдениет саласы да осы күні жұмысын толықтай онлайнға көшірді. Желідегі концерттер мен түрлі байқаулар бүгінде өз көрерменін тапты. Жуырда Бәйтерек аудандық мәдени-демалыс орталығы Астана күні мерекесіне орай жаңа заманғы хореографиядан ашық республикалық онлайн би жарысын ұйымдастырды.

1FC4DF6C-DF5B-4116-8370-B0B9641BF673

-Би өнері күн санап дамып келеді. Конкурсымыз туралы ақпаратты желіге жария еткен күні қатысушылардан өтініштер көптеп түсе бастады. Өңіріміздің Теректі, Бөкей ордасы, Қаратөбе аудандары мен Орал қаласынан және Ақтөбе облысынан қатысуға ниет білдіргендер көп болды. Ішінен үздік жиырма биші мен би ұжымдары таңдалып алынды,- дейді жарыс ұйымдастыруға атсалысқан биші Н.Жанғали.

9F717A57-1244-4584-81C3-4BED82194D4B

Vouge, hip-hop, high heels, k-pop, dance hall сияқты би жанрлары бойынша өткен онлайн конкурста бақ сынаған бишілердің кішісі - үш, үлкені 21 жаста болды. Әр қатысушының өнерін бағалап, әділ бағасын берген білікті қазылар шешімімен ашық конкурстың бас жүлдесі ақтөбелік Хадиша Длимоваға бұйырды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

-Би жарысын онлайн түрде ұйымдастыру қиын екен. Көмектескен барша әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. Конкурсқа қатысқан бишілерге де алғысым шексіз. Олар әрі қарай би билеп, өз дағдыларын дамыта береді деп үміттенемін,- дейді конкурс идеясының авторы Назгүл Жанғали.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Хадиша Длимова,

Бас жүлде иегері

-Бимен бес жасымнан бері «Актобе J.A.T dance» студиясында айналысып келемін. Осынау конкурсқа қатысқаныма қуаныштымын. Жаңа достар таптым, шеберлігімді шыңдадым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале