20.01.2020, 19:24
Оқылды: 137

Бәйтеректе шаңғы жарысынан чемпионат аяқталды

Бәйтерек ауданында шаңғы жарысынан оқушылар арасында өткен чемпионат аяқталды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Батыс Қазақстан облыстық шаңғы федерациясы бірлесе ұйымдастырған жарысқа ауданның ең мықты деген жас шаңғышылары қатысты.

smart

Жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылған осынау шаңғышылар сайысы  өте тартысы өтті. Ауа райының қолайсыздығы да олардың жеңіске деген жігерін жасыта алмады, яғни, әр спортшы өзін ерекше қырынан танытты. Әсіресе, Қасым Аманжолов атындағы мектеп пен Январцев мектебі оқушыларының  жарысы қызықты болды.

smart

Жарыс қорытындысында 11 жасқа дейінгі балалар арсында Қасым Аманжолов атындағы мектептің оқушысы Нұрбатыр Жәмиев алдына жан салмаса, 13 жасар шаңғышылар жарысында январцевтық Бахтияр Есімовке тең келер спортшы болмады. Бұдан бөлек 15 жасқа дейінгі шаңғышылар сынында январцевтық Алтынғали Төлепбергенов үздік атанса, 17 жасар спортшылар жарысында Новен мектебінің оқушысы Джахар Мендалиев жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетелік, бұл  чемпионатқа қыздар да белсене қатысып, жас ерекшелігі бойынша сынға түсті. 11 жасқа дейінгі шаңғышы арулар сайысында Переметный мектебінің оқушысы Зарина Габдушева, 13 жасар шаңғышылар арасында январцевтық Виктория Голотова, 15 жасар шаңғышы қыздар бәсекесінде Январцев мектебінің тағы бір оқушысы Анастасия Понова жеңіс тұғырына көтерілсе, 17 жастағы шаңғышылар сынында Дамира Ерсайынова көш бастады.

smart

smart

Айта кетерлігі, шаңғы спорты Бәйтерек ауданында жақсы дамып келеді. Қазіргі күні бірнеше өрен ШҚО-ның Риддер қаласындағы спорт интернатында шаңғы спорты бойынша білім алып жатыр. Жетістіктері де көңіл қуантады.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале