4.12.2019, 17:52
Оқылды: 127

Бәйтеректе ұлттық ойын ұлықталып келеді

Қазіргі таңда ұлттық ойындарды соның ішінде асықты дамыту үлкен маңызға ие. Жыл сайын ел ішінде асық ойыны жарыстарын көптеп ұйымдастырудың өзіндік мақсаты да бар. Мақсат – жас ұрпақты шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, спортқа баулу және ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынды қайта жандандыру.

 baiterek asyq

Биыл Бәйтерек ауданына қарасты Егіндібұлақ мектебінде аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жанынан «Асық ату және бес асық» филиалы (жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұрат Сағынов) жұмысын бастады.

Аз уақыттың ішінде мектеп оқушылары үлкен жетістікке қол жеткізіп үлгерді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде Тәуелсіздік күніне арналған аудандық чемпионаттарда мектебімізден Нұрбек Жақсылықов, Әлішер Мырзагерей, Павел Данилов, Әділбек Жақсылықов, Иван Бандаренко, Дильназ Исмагулова, Дильназ Жанбекова, Ульяна Маслова сынды өрендерге жүлделі орындарға ие болды.

 - Адам көңілін көтеріп, ойын сауықтық қана рөл атқарып қалмастан, дененің шынығуына, ептілік, күш-қайраттың қалыптасып, ақыл-ойдың жетілуіне ғасырлар бойы әсер етіп келген асық ойынының тәрбиелік маңызы да зор.

Бір мезгілде көптеген бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас буынның намысын жанып, «өзгеден озық болсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Сондай-ақ асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады және отырып-тұру, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады, яғни асық ойындары денсаулық кепілі десек те болады. Сондықтан да ұлттық ойынымызды ұлықтап, ұрпағымызды асық ойнауға дағдыландыра түсейік, - дейді мұғалім Меруерт Ешниязова.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале