29.05.2020, 0:46
Оқылды: 37

Бәйтеректік ардагерлерге қамқорлық жасалуда

Президент Жарлығымен 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланғаны белгілі. Бұл бастамаға облыс, аудан еріктілері де белсенді атсалысуда.

DB7B4CC5-1CEB-4958-A923-8A6A8446DCF3

 Мамыр айының 23-і күні Переметный ауылында қайырымдылық шаралары жүргізілген болатын. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» мен «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған «Жеңіс» жобасының волонтерлары, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жас мамандары Ерлан Кужумов пен Регина Сафарова ауылымыздағы  екінші дүниежүзілік соғысы және тыл ардагерлеріне азық-түлік түріндегі гуманитарлық көмек көрсетті.

978B111C-A3C0-4F2F-9F03-609B9263007D

- Бүгін біз ауылды аралап, он ардагерге азық-түлік таратып үлгердік. Ол дегеніміз бірінші кезектегі қажетті азықтар. Ертең ауданның басқа да ауылдарында тұрып жатқан ардагерлерге жол тартпақпыз. Қазір 40 ардагердің үйін аралап, атаулы және материалды көмек көрсету жоспарда бар. Біз көрсетіп жатқан көмек екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең гуманитарлық көмек болса, яғни азық-түлік, негізгі қажетті өнімдер, екінші кезең физикалық көмек: үй және сырт жұмыстары. Дәл осы жоба бойынша тек Бәйтерек ауданы емес, облысымыздың барлық аудандары ардагерлеріне көмек көрсетіледі. Жылдың аяғына дейін «2020 жылға 2020 ізгі іс» бастамасын жүзеге асыру – басты мақсатымыз.

«Жеңіс» жобасының мақсаты – ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі көмек көрсету. Еріктілер қарт адамдарға шаруашылық бойынша көмектеседі: үй мен ауланы тазалау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алу, ең бастысы - олармен әңгімелесіп, уақыт өткізу. Жоба жұмысының 5 жылы ішінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне 10 000-нан астам волонтерлік рейд жасалынған.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале