17.09.2020, 9:19
Оқылды: 53

Бәйтеректік кітапханашы "Рухани қазына - 2020" байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды

Жуырда мəдениет жəне өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің "Рухани қазына - 2020" онлайн фестивалі өткен болатын. Аталмыш live-додаға Бәйтерек ауданы атынан қатысқан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Мичурин ауылдық кітапханасының меңгерушісі Нұрсұлу Айтпагамбетова екінші ұстаз Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығына орайластырылған арнайы номинацияда жеңіске жетіп, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Nursulu

Көп жылдан бері кітапхана саласында еңбек етіп жүрген Нұрсұлу Батырқызы осыған дейін де талай сайыста жүлде салып, біраз белесті бағындырған тәжірибелі маман. 2017 жылы «Үздік кітапханашы» байқауында «Кәсіби шебер» аталымын жеңіп алған болса, 2018 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің арнайы алғысхатын, 2020 жылы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының алғысхатын иеленген.

Енді ол "Рухани қазына – 2020" байқауының республикалық кезеңінде де намысты қолдан бермейді деп сенеміз.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале