3.10.2019, 10:07
Оқылды: 214

Бас жүлде – Жәнібекте

Теректі ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық «Asyl ana - 2019» көп балалы аналар байқауы өтті.

71

Сайысқа 9 ауданнан үміткерлер қатысып, бақ сынады. Дода «Әйел - үйдің ырысы» (өзін-өзі таныстыру), «Ине-жіптен игілік иірермін» (үй жұмысы), «Ата салтым – тәлімді ой сынағым» (салт-дәстүр туралы сұрақтарға жауап беру), «Өнер – менің өмірім» (бесік жырын айту) және «Әсем киім – әйел көркі» (қазіргі заман талғамына сай ұлттық нақыштағы жұмыс киім үлгісін көрсету) сынды кезеңдерден тұрды.

72

Қазақы әйел бейнесін насихаттаған сайыста Жәнібек ауданының намысын қорғаған көп балалы ана Мейрамгүл Құсенова бас жүлдеге ие болып, «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру шипажайына жолдама алды.

Сайысқа қатысқан қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале