14.11.2017, 17:26
Оқылды: 47

Батысқазақстандық оқушы Халықаралық рухани жаңғыру фестивалінің бас жүлдесін иеленді

 Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында "Үркер" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Алаш үміті" І Халықаралық рухани жаңғыру фестивалі өтті.

Фестиваль Елбасының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" идеясын қолдау жəне жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау, Алаш зиялылары еңбектерін тану жəне зерттеу арқылы ұлттық патриоттық рухын оятуға ықпал етуді мақсат еткен.

Фестивальде 7-9, 10-13, 14-17, 18-21 жас аралығындағылар эстрадалық вокал, дәстүрлі əн, күй, көркем сөз, қолөнер жəне бейнелеу өнері жанрлары бойынша бақ сынаған.

Фестивальге Қазталов ауданынан Бостандық орта мектебінің оқушысы Айзере Есенгелдина жетекшісі Жайнагүл Ескендіровамен қатысты. Қолөнер жəне бейнелеу өнері жанры бойынша 14-17 жас аралығында қатысқан 18 оқушының арасынан Айзере үздік шығып, бас жүлдені жеңіп алды.

Гауһар ƏДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале