21.11.2017, 12:13
Оқылды: 29

Батысқазақстандық спортшы Кореядан алтын медальмен оралды

Қаратөбе өңірінің тумасы, ҚР спорт шебері Алмагүл Шамғонова Корея мемлекетінде өткен Әлем чемпионатында әйелдер арасында гір тасын көтеруден жүлделі І орынға ие болып, алтын медаль тақты.

Қаратөбе мектеп-гимназиясының 1-3 сыныптардың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақан Төлеуовтен тәлім алған Алмагүл бұған дейін де талай мемлекеттерде өткен байрақты бәсекелерде Қазақ елінің туын биікке көтерді.

Атап  айтар болсақ, алты дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы атағына ие Алмагүл Шамғонова 2014 жылы Германияның Гамбург қаласында өткен чемпионатта 4-орын, 2015 жылы Ирландияның Дублин қаласындағы чемпионатта 2-орын, 2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен әлем чемпионатында 3-орын, 2017 жылы Латвия мемлекетінде өткен жарыста 4-орынға қол жеткізген.

- Алмагүлді 1-сыныптан бастап негізінен баскетболға дайындадым. Бала кезінен өте пысық болып өсті. Осылайша, оны спорт өнеріне баулыдым. Үйірмеге қатысып, аптасына 3-4 рет өтетін жаттығулардан әсте қалған емес. Одан Алмагүл 4-сыныпта оқып жүрген кезінде Ақсай қаласына қоныс аударды. Үнемі хабарласып, жетістіктерімен бөлісіп отырады. Мен Алмагүл шәкіртіме әркез табыс тілеймін, - дейді ұстазы Ақан Тілесұлы.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале