12.08.2020, 12:15
Оқылды: 336

Батысқазақстандық жас өнертапқыштың жобасы жоғары бағаланды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданына қарасты Қаратөбе мектеп-гимназиясы жанынан ашылған «Автоүлгілеу» үйірмесінің мүшелері аз уақыттың ішінде біраз белестерді бағындырып үлгерді. Үйірмеге құлтемір құрастыруға құмар өрендер тартылған. Олардың арасында жас өрен Ермек Мұхтарұлын ерекше атауға болады.

17B72770-D15E-440A-BDD6-6395A02A6B6A

Жаңалыққа жаны әуес Ермек Мұхтарұлы жуырда ғана өткен Халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» атты көрме-байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Ермек көрме-байқаудың «Экология және ғарыштық қызмет» секция бойынша қатысып, «Қалдық заттарды жинауға арналған робот» атты жобасын сәтті қорғаған.

- Халықаралық байқау республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқауға республиканың барлық облыстарынан және Ресей, Қырғызстан мемлекетінен 143 оқушы қатысып, 109 жоба қаралды.

Жер және ғарышты зерттеу туралы ғылымға оқушылар қызығушылығын дамыту, жаратылыстану-математикалық, астрофизикалық, ғарыштық технология ғылымдары бағытындағы зерттеу жұмыстарына тарту бағытында өткен байқаудың берері көп болды, - дейді Қаратөбе мектеп-гимназиясы жанындағы «Автоүлгілеу» үйірмесінің жетекшісі Ернұр Базарбайұлы.

- Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайту, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Байқоңыр ғарыш айлағын ұшу аппараттарының қалдықтарынан, сынықтарынан тазалау, олардың қоршаған ортаға, адамға тигізетін әсерлерінен мейлінше тез және жылдам тазарту бағытында алынған бұл жоба осы мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

Бұл жоба сәтті жүзеге асса, қалдықтардың тез, уақытында жинау жұмыстарын мейілінше тездетуде алатын орны ерекше болмақ, - өнертапқыш өрен Ермек Мұхтарұлы.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале