9.01.2019, 15:44
Оқылды: 93

Бауыржан Ширмединұлы бас редактор болып тағайындалды

Сырым ауданы әкімдігінде актив жиыны өтіп, оған «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитов қатысты. Рауан Сәбитұлы аудан айнасы болған газетте 42 жыл еңбек еткен, «Сырым елі» газетінің редакторы Махмет Қажиахметовтың зейнеткерлікке шығауына орай лебізін білдіріп, алғыс хат табыс етті.

syrym tagaiynda (2)

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Махмет Мүтиұлына шапан жауып, құрмет көрсетті.

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитұлы «Сырым елі» газетінің жаңа редакторы ретінде осыған дейін тілшілік қызмет атқарып келген журналист, айтыскер, ақын Бауыржан Ширмединұлын таныстырды.

Махмет Мүтиұлы бірлесе қызмет еткен аудан активіне алғыс білдіріп, ізін басып келетін жастардың жұмыс жасауына мүмкіндік берілуі қажет екенін айтса, Бауыржан Ширмединұлы жаңа қызметте артылған сенімді ақтауға тырысатынын жеткізді.

Актив жиынынан соң, Р.Сәбитов «Сырым елі» газетінің ұжымына жаңа редакторды таныстырып, редакцияның материалдық-техникалық базасымен танысты.

syrym tagaiynda (4)

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале