26.02.2020, 17:54
Оқылды: 126

Би ұжымы бес жылдан бері қайырымдылық концертін ұйымдастырып келеді

Сырым ауданында қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастырып тұратын ұжымның бірі – Жансая Сүндетованың би тобы.  

zhansaya (1)

2014 жылы жұмысын бастаған би ұжымы 2015-тен бері жыл сайын  қайырымдылық концертін ұйымдастырып келеді. Сол жылы «Жан жылуы» атты концертте 20 мың теңге жиналып, ерекше қамқорлықты қажет ететін төрт балаға бөліп берілді. 2017 жылы «Жан жылуы» атты қайырымдылық концертінде жан-жақты, талантты бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты, аналарға 30 мың теңге көлемінде сыйлық табыстады. 2018-2019 жылдары тері ауруларымен ауыратын бір үйдің екі бүлдіршініне арналған қайырымдылық кешін өткізді.

zhansaya (3)

Бұлдырты ауылында жұмысын бастаған би үйірмесінде «Керім-ай»  үлкен және кіші би топтары, «Шаттық» үлкен би тобы,  «Арнау» МАДС тобы мен «Арнау» 2-3 сыныптардан тұратын би топтары жұмыс жасайды. Жансая Қанатқызы бүгінде би үйірмесімен 90 баланы қамтып отыр. 2016 жылы  4 қыз, 2017 жылы 6 қыз, 2018 жылы 4 қыз үйірмені бітіріп, біреуі БҚМУ-да хореграфия мамандығы бойынша білім алуда.

zhansaya (5)

Бүгінде би ұжымы қазақ және өзге ұлт өкілдерінің билерін, заманауи,  латынамерикалық, спорттық билерді шебер орындап жүр. Жансаяның би  топтары республикалық байқауларда жүлделерге ие болып келеді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале