18.01.2017, 11:38
Оқылды: 72

Жәнібекте бір айда 10 кооператив құрылды

         Жәнібек аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақовтың мәліметінше, ауданда соңғы бір айда 10 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылған.  

Атап өтер болсақ, Ақоба, Жақсыбай, Жәнібек, Тау, Борсы, Ұзынкөл ауылдық округтерінде «Ақоба-Бірлік», «Елеусін әулеті», «Өрлеу», «Қайрат», «Борсы-26», «Жігер-АГРО» деп аталатын кооперативтер құрылды. Ал Күйгенкөл және Талов ауылдарында «Құрсай-77», «Боранбай әулеті», «Талов-26», «Мирхат К» атты қос-қостан құрылымдар пайда болып, жұмыс жасауда.

                                                                               Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале