17.07.2017, 10:19
Оқылды: 26

Биыл Жәнібекте шөптің шығымы жақсы

 

IMG-20160719-WA0001Биыл Жәнібек ауданында мал азығын дайындау науқаны маусым айының ортасында басталды. Қазір барлық ауылдық округтерде шөп шабу жұмыстары жүріп жатыр.


Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашевтың сөзінше, үстіміздегі жылы аудан бойынша 104 мың 300 тонна мал азығын дайындау межеленсе, күні бүгін 19 мың 750 тонна шөп шабылып, қыстақ басына үйілуде. Аудандағы  мал азығын дайындау науқанына 452 адам және 113 трактор, 141 шөп шабатын орақ, 57 шөп жинағыш, 37 шөп маялағыш қатысуда. Мал азығын дайындау барысында ауылдық округтердің ішінде көш басында Ақоба ауылының шөпшілері келеді. Олар қазір өздеріне белгіленген жоспардағы 14 мың тонна шөптің 5 тоннасын шауып, қыстақ басына  үюде. Сол сияқты Борсы ауылындағы шөпшілердің қарқыны да тәуір. Күні бүгін бұл ауылда жоспарда көрсетілген 9 мың тонна мал азығының  2 мың 600 тоннасы дайындалған.

- Биыл шөптің өнімділігі біршама жақсы, гектарына 5 центнерден келіп тұр. Науқанды қыркүйек айына дейін аяқтауға мүмкіндік бар,-дейді аталған бөлімнің бас маманы өз сөзінде.

                                                                                   Н.Жапақов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале