2.08.2018, 9:34
Оқылды: 62

БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Жәнібекте болды

Azbaev Zhanibek (1)Жәнібек ауданына келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жұмыс сапарын Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Өнеге елді мекенінен бастады.


Мұнда Бөкей Ордасы ауданының Бисен ауылы, Тайғара елді мекені арқылы табиғи газ құбыры тартылып жатқан болатын. «Батысқұрылысқызмет» ЖШС басшысы Айболат Оспановтың айтуынша, серіктестік Өнеге ауылы бойынша газдандыру жұмыстарын атқаруда. Ауылішілік трассаның ұзындығы 2 шақырым 800 метрді құрайды. Қазіргі таңда бастауыш мектеп пен медпунктке қазандыққа арналған құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Осыдан соң Бағдат Оразалдыұлы Ақоба ауылындағы су құбырын салу нысанының жұмысымен танысты. Мердігер – «Жайықгазсуқұрылысы» ЖШС. Серіктестіктің прорабы Шадияр Ондабаев облыс әкімінің орынбасарын жұмыс барысымен таныстырып, әзірге ешқандай проблеманың жоқтығын, қажетті материалдардың жеткілікті екенін айтты.

Б.Азбаев осындағы фельдшерлік-акушерлік пунктте болып, ондағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын да өз көзімен көрді. Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары Жәнібек ауылының солтүстік-шығысында құрылысы жүріп жатырған 40 тұрғын үйге аялдап, жұмыстың жай-жапсарына жан-жақты қанық болды.

А.ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Azbaev Zhanibek Azbaev Zhanibek (5) Azbaev Zhanibek (6) Azbaev Zhanibek (4) Azbaev Zhanibek (2) Azbaev Zhanibek (3)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале