16.02.2018, 17:36
Оқылды: 14

БҚО-да шаңғышылар 5 күндік жорыққа шықты

Осыдан 4 күн бұрын автокөлікпен Тасқала ауданына барып, кері шаңғымен келе жатқан «Атамекен» туристер орталығының ұстаздары мен тәрбиеленушілері Зеленов ауданының орталығы Переметныйға жетті.

Қиын да ұзақ жорыққа шыққан шаңғышылар Тасқала, Зеленый ауылдарында болған. Тоқтаған жерлерінің тарихымен танысып, әр ауыл туралы құнды деректерді де жинап жүр. Жорықшылардың Переметный ауылымен танысуы «Рухани жаңғыру алаңынан» басталды. Ауданның тарихын, аймақтан шыққан тұлғалардың өмірі жайында деректерге қанықты.

5 күнге созылатын жорық қатысушылары Переметныйға бір түнейді де Белес ауылына соғып, Орал қаласына асады.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале