31.01.2019, 10:36
Оқылды: 32

Бөкей Ордасында 19 жас маман баспана алған

Бүгін аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру жиналысы Бөкей ордасы ауданында жалғасты. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, бірқатар облыстық басқарма басшылары, аудандық мекеме-кәсіпорын жетекшілері мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

bokei orda (15)

bokei orda (25)

Аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов өткен жылғы атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер турасындағы өз баяндамасында әр саладағы жеткен жетістіктерге жеке-жеке тоқталып өтті,

2018 жылы аудандық бюджет 4 млрд. 212 млн. теңгені құрап, қаражат толығымен игерілген.  Салық түсімдерінің жоспары 304,5 млн. теңге болса, орындалуы 336 млн. теңге немесе 110,3 пайызды құрапты. Ауданға келген 36 жас маманға 6 млн. 229 мың теңге көтерме жәрдемақы төленіп, 19 маманға 68 млн. 543 мың теңге бюджеттік несие беріліп, баспанамен қамту мәселелері шешілген.

Нұрбек Оразаев,

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале