11.01.2017, 12:17
Оқылды: 16

Бөкей ордасында халықтың 62 пайызы су жүйесімен қамтылды

bokai-orda-su  Аудандағы 22 елді мекеннің 10-ы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылады. 10 елді мекен құдық суын пайдаланса, 2 елді мекенге су тасымалданады. Тұрғындардың орталықтандырылған су жүйесімен қамтылу деңгейі – 62,4 пайыз.


  Сайқын ауылының су құбыры құрылысына 37 млн. теңге қаржы бөлінді.Қазіргі таңда құрылыс материалдары алынып, бұл жұмыстарды 2017 жылыжалғастыру үшін республикалық бюджеттен 110 млн. теңге қаржы қаралды. Көктерек және Бөрлі су құбыры құрылысына республикалық бюджеттен 320 млн. теңге қаржы бөлінді, құрылыс жұмыстары 2017 жылдың наурыз айында басталады деп күтілуде.

  Кеңой елді мекені тұрғындарының қажеттілігін өтеу үшін су алу торабына 2 млн. 316 мың теңгеніңжөндеу жұмыстары  жүргізілмек.

  Аудандағы 22 елді мекеннің 9-ына табиғи газ құбыры жеткізілген. Тұрғындардың газбен қамтылу деңгейі 61 пайыз. Газдандырылған елді мекендердегі табиғи газ кіргізген аула саны –1975, яғни, 88,2 пайызды құрайды.

Өз тілшімізден

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале