1.02.2018, 12:20
Оқылды: 63

Бөкей ордасының шаруалары былтыр жарты миллиард теңге субсидия алған

Бұл жайлы Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов аудан тұрғындары алдында есеп беру баяндамасында айтты. Есептік жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

-Бөкей ордасы ауданы мал шаруашылығына негізделген аймақ екенін ескере отырып, осы саланың дамуына ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 509 шаруа қожалық жұмыс атқарып келеді. Ауданда жаңадан ашылған 32 қожалыққа 43 634 гектар жер телімі пайдалануға берілді. Жерді тиімсіз пайдаланған 3 шаруа қожалығы жабылып, 1605 гектар жер кері қайтарылды.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 5 өндірістік кооператив құрылды. 19 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық бар, соның ішінде қазақтың ақ бас сиырын өсіретін 4 шаруашылық былтыр жасақталды.

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2 шаруа қожалығы 24 млн. теңгеге,  «Алтын асық» бағдарламасымен 1 шаруашылық 9 млн. 500 мың. теңге несиеге асыл тұқымды мал алды. «Құлан» бағдарламасы арқылы 1 шаруа қожалығы 10 млн. теңге несиеге жылқы алды.

Былтыр  шаруа қожалықтарға 522 млн. теңге субсидия төленді. 66 шаруа қожалығы 155 млн. теңге инвестициялық субсидия алды.

Жаңадан қыстақ салып, асыл тұқымды қойларға селекциялық жұмыстарымен айналысуды бастаған қожалық бар. Темір Масин ауылдық округінде қымыз өңдейтін цехын салу және цехтың құрал-жабдықтарын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде,-дейді Бөкей ордасы ауданының әкімі.

zhaikpress.kz

Суретті түсірген Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале