19.09.2017, 11:48
Оқылды: 72

Бөкей ханның ұрпағы баба рухына тағзым етті

Өткен демалыста Бөкей ханның ұрпағы Шолпанай Аманжолова Қаратөбе ауданына қарасты Қарақамыс ауылының Ақбақай жерінде мәңгілік мекен тапқан Жәңгір ханның немересі, ақын, аудармашы Шәңгерей Бөкеевтің зиратында болып, баба рухына құран бағыштап, тағзым етті.


Кеңес үкіметінің құрылуы барысында жүргізілген солақай саясаттың салдарынан өз мекенінен қуғынға ұшыраған Шәңгерей Бөкеев туралы деректерге тоқталған Шолпанай Асқарқызы туысқан апасы Мәдина Ақышқызынан естіген әңгімелерін баяндап берді.

Баба рухына тәу етуге арналған сапарында Шолпанай Аманжолова Құрманғазының ұстазы Ұзақ күйшінің кесенесінде және М.Мерәлиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейіне аялдап, өлке тарихымен кеңінен танысып, музей меңгерушісі Ажар Берікқалиеваға «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты республикалық ғылыми конференциясының жинағы мен 1917-1918 жылдары шыққан «Ұран» газеті жинағын табыстады.

Қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын Шолпанай Асқарқызының Қаратөбеге сапары барысында белгілі өлкетанушы Айболат Құрымбаев бірге жүрді.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале