23.10.2018, 18:00
Оқылды: 41

Бөкейліктер елдігін көрсетті

Биыл Бөкей ордасы ауданы Орда ауылына қарасты Үштерек елді мекенінің тұрғыны Асылбек Зайнуллин шілденің шіліңгірінде үйі отқа оранып, төрт баламен далада қалған еді. Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шыңғыс Абдуллин Үштерекке арнайы барып, Асылбектің шаңырағына бас сұқты.

IMG_6767

Бұған дейін Асылбек Зайнуллинге ордалықтар жиналып, баспана алып берген еді. Осы жолы аудан орталығындағы мекеме ұжымдары көмек қолын созып, жалпы сомасы 500 мың теңгеге тұрмыстық бұйымдар сатып алған. Шыңғыс Абдуллин үй иелеріне көптің көмегімен жиналған төсек-орын, кілем, төсеніштер, теледидар мен шаңсорғыш, шкаф пен орындық, ыдыс, киім-кешек және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды тарту етті. Үштеректік Асылбек пен Алтынай жерлестерінің қолдауына аса риза боп, алғыстарын жаудырды.

– Басымызға қиындық туғанда, қасымыздан табылып, қолдау білдіріп жатқан барша жерлесіме мың да бір алғыс. Баспанасыз қалып, далада қалғандай боп едік, үйлі болдық, үй тірлігіне қажетті заттарымызға дейін жеткізіп жатыр, – десті олар.

IMG_6770

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ,

Бөкей ордасы ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале