26.12.2018, 15:01
Оқылды: 83

Бөрлі ауданына «Нұр Астана» мешітінің бас имамы келді

Мәртебелі мейманды алдымен аудан әкімі Санжар Әлиев қабылдады.

Aqsai meshit

         Кездесу барысында аудандағы діни ахуал, деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған шараларды және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін үкіметтік ұйымдарды қолдау туралы сөз қозғалды. Асқар Әбітайұлының Бөрлі ауданына іс сапары барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында аудан жамағатымен, жас спортшыларымен, жаттықтырушыларымен және колледж студенттерімен кездесті.

          Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев мерекемен құттықтап, облыстың бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы жұртшылықпен кездесіп, салиқалы әңгіме өрбіткен Асқар Мұқановқа барша бөрліліктер атынан алғыс айтты.

         Шарада аудан мешітінде өтілетін қайырымдылық шараларға атсалысып жүрген бір топ азаматқа алғыс хат табысталды. Олардың арасында былтыр ғана мешіт ауласына асхана салып берген кәсіпкер Айбек Омаров еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың алғыс хатымен марапатталды.

         Өз сөзінде облыстың бас имамы, Еркебұлан Ыбырайымұлы аудан халқын Мәуліт айымен құттықтады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале