26.05.2017, 12:10
Оқылды: 28

Бөрлі ауданында 5 ауылды қамтитын мобильді қызмет көрсету орталығы бар

Бөрлі аудан әкімі аппараты халыққа қызмет көрсету орталығы мен БҚО мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп, ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандарына арнайы оқу ұйымдастырды.
Алдымен сөз алған халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) директоры Ғ. Қасымбай орталықтағы қызметтер түрлеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл портал арқылы 436 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Қазіргі уақытта ауданда бес ауылды қамтитын "мобильді ХҚКО" қызмет етеді. Орталықтың мамандары ауылдарды аралап, тұрғындардан қажетті құжаттарын алу үшін жазған өтініштерін жинайды. Ғ. Қасымбай осы ретте ауылдық әкімдіктердің мамандары тұрғындардың белсенді болуына үлес қосуларын сұрап, ауылдағы ағайынға "электрондық үкімет" порталының мәні мен маңызы, оны пайдалана білуі жөнінде ақпараттар берулері қажеттігін баса айтты. Арнайы оқуға келген әкімдік мамандары порталмен жұмыс жасап көріп, өздерінің білімдерін шыңдай түсті.
Ясипа РАБАЕВА
Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале