13.10.2020, 17:34
Оқылды: 55

Бөрліде бір отбасы баспаналы болды

Бөрлі ауданында жағымды жаңалық аз емес. Соның бірегейі ауданымызда тағы бір отбасы баспаналы болды. Үй Пугачев ауылында орналасқан. Оны «Аяна» қоры сыйға тартты. Аталмыш қор 2018 жылы қазан айында құрылған. Соңғы кездері қайырымдылық ауқымын кеңейтіп, баспанаға мұқтаж отбасыларға қолдау жасауды қолға алды.

Borli (1)

 

Нұргүл Кәрібаева – үш баланың анасы. Ол Ақсай қаласындағы мейрамханалардың бірінде қызмет жасап, балаларымен пәтер жағалап жүрген. Карантин басталғаннан кейін жұмыстан қысқарып қалуы себепті пәтер ақысын төлеу қиындап кетті. Содан бабаларымен бірге Аралтал ауылындағы өзіне берілген жерге лекерлеп шалаш тұрғызған. Тұруға қолайсыз жерден оны «Жас дарын» қорының мамандары уақытша қолдау орталығына әкелген. Осы күнге дейін балаларымен бірге сонда болған.

– «Аяна» қоры құрылғалы бері жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Барынша қолдау жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созудамыз. Отбасы үшін баспана ең бірінші мәселе екені белгілі. Сондықтан үй алып беруді ұйымдастыруды жөн көрдік. Ақсай қаласынан Нұргүл ханымның жағдайымен таныстық. Құжаттарын қарап, мән-жайды толық зерделеген соң үй алып береміз деген шешімге тоқтадық. Мұндай маңызды шешім қабылдарда белгілі критерийлерге сүйенбесе болмайды. Соның бәрін жіті бақылауда ұстадық. Осымен Нұргүл ханымға бұйырғаны осы үй болды, – дейді «Аяна» қорын құраушылардың бірі Айбек Омаров.

Borli (2)

Ойламаған жерден үйлі болған ана игі істі ұйымдастырушы «Аяна» қорына және өзіне жәрдем берген жандарға алғысын жолдады.

– Мені қолдаған жақсы жандарға алғысым шексіз. Мұндай қуанышты қатты күткеніміз рас. Енді өз үйімізде еркін жүретін болдық. Алдағы уақытта кең ауланы барынша тиімді пайдалануды ойластырып жатырмыз.  Жасаған жақсылықтары өздеріне еселеп қайтсын, – дейді Нұргүл.

 

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале