8.02.2019, 12:40
Оқылды: 25

Бөрліде үстел теннисінен аудан біріншілігі өтті

«Қарашығанақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ересектер және ардагерлер арасында үстел теннисінен Бөрлі ауданының біріншілігі өткізілді.

tennis (3)

         Біріншілікке 50-ге жуық спортшы қатысты. Ойын 3 топқа бөлініп, айналмалы жүйеде өтті. Топ жарып шыққан 6 команда финалдық кездесуге жолдама алды. Жұптық ойынының қорытындысымен I орынды Бумакөл командасы, II орынды №4 мектептің командасы, III орынды Конденсат 2 командасы қанжығаға байлады.

         Ал жарыс қорытындысында Конденсат 1 командасы I орынға ие болды. II орын №4 мектеп командасына, III орын Бумакөл ауылдық округінің командасына бұйырды. «Жарыс ақсақалы» атанған Ибрагим Баймұқанов (№3 мектеп), «Ең әдемі ойын көрсеткен» Ахмет Назарғалиға (Конденсат 1) арнайы диплом берілді. Командалық сында үздік атанған спортшылар диплом, медаль, кубок және сыйлықпен марапатталды.

tennis (2)

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале